KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 11,13 теңгеге арзандады. 1 доллар 446, 89 теңге болды.
ERNUR.KZ. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп жазады ҚазАқпарат.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 11,13 теңгеге арзандады. 1 доллар 446, 89 теңге болды.
Ұлттық банктің 8 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 458,87 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 448, 56 теңге, сатып алу – 452, 85 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 448, 51 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 452, 70 теңге.