Қордай ауданында 17 жасар қыздың денесі табылды

0
388

Қордай ауданында қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Қордай ауданында 17 жасар қыздың денесі табылды

Фото: Астана әкімдігі

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы полиция департаменті бұл ақпаратты растады, деп жазады inform.kz.

— Қордай ауданында қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді, — делінген полиция департаменті хабарламасында.