Қорғаныш маскаларын тіккен сотталушыларға 1 миллион теңгеден аса сыйақы берілді

0
823

Медициналық бетперделермен полиция офицерлері мен әскери қызметкерлер толығымен қамтамасыз етілген.


Қорғаныш маскаларын тіккен сотталушыларға 1 миллион теңгеден аса сыйақы берілді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында маска тігумен айланысқан жазасын өтеушілерге бір миллионан аса сыйақы берілді, деп жазады Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан түзеу колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға жұмысына ақшалай сыйақы алды.

Қазіргі уақытта қорғаныс құралдары мен дезинфекция қажет. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі мен Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасы басшылығының шешімімен қылмыстық-атқару жүйесінің өндірістік объектілерінде қорғаныш маскаларын тігу ұйымдастырылды.

19 наурыздан бастап Шығыс Қазақстанның алты колониясында сотталғандар қорғаныш маскаларын тіге бастады. Осы уақытқа дейін сотталғандар 120 мыңнан аса маска тігіп үлгерген.

Медициналық бетперделермен полиция офицерлері мен әскери қызметкерлер толығымен қамтамасыз етілген.

"Біздің жұмысымыз бағаланып, тіпті сыйлық табысталғанына да өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, мен бұған сенбедім, бірінші рет өз жұмысым үшін ақшалай сыйлық алдым. Мен алған сыйлығымды әйеліме аударып жібердім, оған бұл ақша маған қарағанда қажетті деп ойлаймын" - деді жазасын өтеуші Арлан.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінде қорғаныш маскаларын тігу әлі де жалғасып жатыр.