"Қорғас" шекара аумағында тағы да жаппай төбелес болды

0
2 001

Оқиға "Қорғас" ШЫХО аумағында қыркүйектің 6-сы күні болды. Төбелеске қатысқан 20-26 жас аралығындағы 12 жергілікті тұрғын ұсталды.


ERNUR.KZ. Желіде "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) аумағында болған қақтығыстың видеосы пайда болды, деп жазады stan.kz.

"Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, "Қорғас" ШЫХО-да белгісіз біреулер мен учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен тағы да төтенше жағдай орын алды. Алайда белгісіз себептермен құқық бұзушыларды ұстамай отыр", - делінген видео астындағы жазбада.

Жетісу облысының полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Сонымен бірге, департамент төбелеске қатысушылардың барлығы ұсталды - 20-26 жас аралығындағы жергілікті тұрғындардан 12 адам ғана ұсталды. Олар аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Оқиға "Қорғас" ШЫХО аумағында қыркүйектің 6-сы күні болды. Төбелеске қатысқан 20-26 жас аралығындағы 12 жергілікті тұрғын ұсталды. Олар аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша жүргізілуде. Оқиға орнынан травматикалық тапанша тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Тергеу амалдары облыстық департаменттің бақылауында", - делінген хабарламада.