Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 24 жағдайы тіркелген.
18 желтоқсанда тіркелген коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 24 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 111 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 44 338, 468 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32 036 жетті», делінген хабарламада.