Денсаулық сақтау министрлігі соңғы мәліметті жариялады.
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 605 адам короновирус инфекциясынан (10 456 КВИ+ және 12 149 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 5 040 пациент стационарда, 17 565 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 247 адамның жағдайы ауыр;
- 52 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 48 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.
2020 жылғы 27 желтоқсанда тіркелген коронавирус белгілері бар пневмония бойынша ақпарат:
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 150 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 107 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45415, 490 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32776 жетті.