Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Қостанай облысында ғана коронавирустан адам шығыны болған жоқ.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен "ковидтік" пневмониядан 149 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Оның ішінде 124 науқас расталған "коронавирус инфекциясы" диагнозынан, ал 25 пациент COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмды.
Алматы қаласында - 17, Шымкент қаласында - 16, Қарағанды және Павлодар облыстарында - 7, Ақмола облысында - 10, Ақтөбе облысында - 11, Алматы қаласында - 11, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында - 5, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында - 4 адамнан қайтыс болған.
Еліміздің барлық өңірінде дерлік қайғылы жағдайлар болған. Тек Қостанай облысында ғана коронавирустан адам шығыны болған жоқ.