Өңірлер арасында кісі өлімі көп тіркелген қала - Нұр-Сұлтан.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 шілде күні коронавирустен қайтыс болған адамдар туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кестедегі мәліметке сай, 18 шілде күні жалпы саны 78 адам коронавирустен көз жұмған: 65 (КВИ+) және 13 (КВИ-).
Өңірлер арасында кісі өлімі көп тіркелген қалалар мыналар: Нұр-Сұлтан қаласы ( 17 КВИ+ және 3 КВИ-), Қарағанды облысы ( 11 КВИ+), Шымкент (6 КВИ+ және 4 КВИ-), Атырау облысы (6 КВИ+ және 1 КВИ-).