Елімізде 1 тамыздан бері барлығы 659 өлім жағдайы тіркелді.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 79 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 193 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49896, 659 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45428 жетті.