Елімізде 1 тамыздан бері коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырған 479 науқас көз жұмды.
Денсаулық сақтау министрлігі 22 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 190 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 119 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 44604, 479 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32347 жетті.