Коронавирус жұқтырғандарға арналған әскери-далалық госпиталь Алматыға көшіріледі

0
685

Әскери-далалық госпиталь биыл сәуірде Алматыдан 30 шақырым жерде орнатылған.


Коронавирус жұқтырғандарға арналған әскери-далалық госпиталь Алматыға көшіріледі

ERNUR.KZ. Алматы облысының Тілендиев ауылында орналасқан әскери-далалық госпиталь Алматыға көшіріледі. Бұл туралы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Ақпарат бойынша, госпиталь пайда болған сәттен бастап карантиндік стационар ретінде қолданылған. Онда Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары жатқан. Госпитальда Іле аудандық ауруханасының медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Онда карантинге бір мезгілде 75 адам сияды.

"Қазіргі уақытта госпиталь CОVID-19 коронавирусымен күресу аясында Алматыға көшіру мақсатында жиналды", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің өкілі тілшіміздің ресми сұрауына жауап ретінде.

Қазір госпитальда 66 төсек бар, оның ішінде 60 төсек соматикалық, ал алтауы реанимациялық. Стационар рентген жабдығымен, жасанды тыныс алдыру аппараттарымен, оттегі баллондарымен жабдықталған. Госпиталь дәрі-дәрмектермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілсе, оны коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін пайдалануға болады.

Еске салайық, әскери-далалық госпиталь биыл сәуірде Алматыдан 30 шақырым жерде орнатылғаны хабарланған және оның видеосы жарияланған.