Коронавирус жұқтырғандарға неге дем жетпей қалып жатыр: Дәрігер түсіндірді

0
1 167

Маман қарапайым пневмония мен коронавирустық инфекциядан болған пневмонияның айырмашылықтарын айтып берді.


Коронавирус жұқтырғандарға неге дем жетпей қалып жатыр: Дәрігер түсіндірді

ERNUR.KZ. Коронавирус жұқтырған науқастарға не себепті дем жетпей жатқаны туралы Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Маман қарапайым пневмония мен коронавирустық инфекциядан болған пневмонияның айырмашылықтарын айтып, нақты деректер ұсынды.

"Елімізде коронавирус инфекциясының өршуі вирустың тез таралуымен байланысты. Пульмонолог дәрігер ретінде өкпенің зақымдануына назарларыңызды аударғым келеді. Себебі коронавирус кезінде өкпеге зақым келеді. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясы кезінде пневмония өршіп тұр. Оның себебі вирус төменгі тыныс алу жолдарын жай зақымдап қана қоймайды", - дейді медицина ғылымдарының докторы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, коронавирустан туындаған пневмония әлдеқайда қауіпті. Пневмонияның бұл түрі респираторлы дистресс синдромына алып келетін көрінеді.

"Егер вирус төменгі тыныс алу жолдарына түссе, пневмония пайда болады. Алайда аурудың морфологиялық картинасы оның әдеттегі пневмония емес екенін көрсетеді. Мұнда геморрагиялық синдром байқалады. Өкпенің тамырлары, қыл тамырлары (капилляр) қабынады, қан қоюланады. Сондықтан науқастарда ентікпе пайда болады. Оларға ауа жетіспейді. Күрделі жағдайда науқаста өткір респираторлы дистресс синдромы пайда болады. Дәрігерлер оларды тыныс алдыру аппаратына қосуға мәжбүр", - деді Сәуле Қасенова.