Коронавируспен ауырған Алматы облысының әкімі Нұр-Сұлтанға жеткізілді

0
634

Амандық Баталовты Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиологиялық орталыққа жатқызу туралы шешімді дәрігерлер дерттің асқынуына байланысты қабылдаған.


Коронавируспен ауырған Алматы облысының әкімі Нұр-Сұлтанға жеткізілді
ERNUR.KZ. Осы кезге дейін коронавируспен емделген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жүрек жеткіліксіздігіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиологиялық орталыққа жатқызылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы брифингте аймақ басшысының орынбасары Батыржан Байжұманов мәлімдеді. Ол Баталовтың денсаулығы қазір жақсарып келе жатқанын хабарлады.

"Науқасты Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталыққа жатқызу туралы шешімді дәрігерлер өткен аптаның соңында қабылдады. Оның тыныс алуы нашарлады және жүрек жеткіліксіздігімен ауыра бастады. Қазіргі кезде әкім осы орталықта қажетті ем қабылдауда. Соңғы мәліметтер бойынша оның денсаулығы айтарлықтай жақсарды", - деп атап өтті Байжұманов.

Айта кетейік, маусым айының соңында Алматы облысының әкімі короновирустық инфекция белгілерімен ауруханаға түскен болатын. 67 жастағы Амандық Баталов облысты 2014 жылдың күзінен бері басқарып келеді.