"Көршім – аула сыпырушы": Қостанай облысының әкімі қайда тұратынын айтты

0
91

Кездесу барысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қазір қайда тұратынын айтты.


Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. 5 наурыз күні Қостанайда журналистер бұрын облыстың барлық әкімдерінің резиденциясы болған ғимаратта ашылған балаларды оңалту орталығымен танысты. Резиденциясыз қалған өңір әкімі тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады stan.kz.

Кездесу барысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қазір қайда тұратынын айтты. Көршілері туралы сұрағанда өңір басшысы тосырқап қалды.

“Мен қалада көпқабатты үйде бірінші қабатта тұрамын, ешқандай күзет жоқ. Мүлде жоқ. Көршілерімді танимын. Менің баспалдақ алаңындағы көршім – аула сыпырушы. Аулада жұмыс істейтін әйел. Әр таң сайын жұмысқа шыққанда кездестіремін, ол әрдайым қар тазалап жүреді. Ауланы сыпырады. Ол Мүлік иелерінің бірлестігінде жұмыс істейді. Өте жақсы, мейірімді әйел”, – деп жауап берді Құмар Ақсақалов.