Бастапқыда өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу туралы іс қозғалған еді, туыстарының шағымынан кейін адам өліміне әкеп соққан денсаулығына ауыр зиян келтіру бабы бойынша тергеу жүргізілді
ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы ауылдық округтың бұрынғы әкімі ауылдасын соққыға жыққаны үшін ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Sputnik.
Оқиға 2018 жылы 17 наурызда Есіл ауданының Курское ауылында болған. Күдікті түнде 47 жастағы ауылдасын жеке көлігіне отырғызып алып кетеді. Соққыға жығылған жергілікті тұрғын таңертең аудандық ауруханаға түсіп, есін жимастан көз жұмған.
Бастапқыда полиция "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сарапшылардың қорытындысы мен қаза тапқан адамның туыстарының арызынан кейін кісі өліміне әкеп соққан денсаулығына ауыр зиян келтіру бабы бойынша Курское ауылының бұрғынғы әкімі мен тағы бір жас жігітке қатысты тергеу басталды. Істің материалдары Атбасар аудандық сотына жіберілді.
Жәбірленуші тараптың өкілдері хабарлағандай, Атбасар аудандық сотында үкім шыққан екен.
"Сот оларды 106-баптың 3-бөлімі бойынша айыпты деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды, олар сот залында қамауға алынды", - деп мәлімет берді жәбірленушілер.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталған екі адам – экс-әкім мен сыбайласы - 8,5 жыл жаза мерзімін қауіпсіздік деңгейі орташа түзету мекемесінде өтейді.
Бұдан бөлек, сотталғандар марқұмның әйеліне моральдық шығын ретінде бес миллион теңге бірігіп төлейді.