Қосшыда бір отбасы ысқа уланып қалды: үшеуі бала

0
303

Отбасы мүшелері дереу ауруханаға жеткізілді.


Қосшыда бір отбасы ысқа уланып қалды: үшеуі бала

фото: Департамент полиции Акмолинской области

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Қосшы қаласында бір отбасынан төрт адам ысқа уланып қалды, деп жазады sputnik.kz.
Уланғандардың үшеуі бала. Олар 10, 5 және 1 жаста. Алдын ала болжам бойынша, олар пештен шыққан ысқа уланып қалған.
"Анасы мен үш бала жеңіл көміртегі тотығымен уланған. Ауруханаға барар жолда кәмелетке толмағандардың анасы да өзін жаман сезінген. Ол да ысқа уланғаны белгілі болды", - дейді құтқарушылар.
Отбасы мүшелері дереу ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдай мамандары сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертті.