Қостанай облысында 23 вагон рельстен шығып кетті

0
657

Вагондар бос болған.


Қостанай облысында 23 вагон рельстен шығып кетті

ERNUR.KZ. Қостанай облысында Қазанбасы-Апановка бағытында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға кеше сағат 14:40-та Құсмұрын-Тобыл учаскесінің Қазанбасы-Апановка бағытында болған.


«Жүк пойызының қозғалысы кезінде машинист локомотив манометрінің деректері бойынша вагондар арасындағы ауа қысымының төмендеуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. 23 вагонның рельстен шығып кеткені, рельстің түйіспе желісі, теміржол тірегінің зақымданғаны анықталды», - делінген ведомствоның ақпаратында.


Белгілі болғандай, вагондар бос болған. Локомотив сағатына 68-70 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан. Учаскедегі белгіленген жылдамдық – сағатына 70 шақырым. Қазіргі уақытта осы факті бойынша комиссия құрылды.