Қостанай облысында аурухана бас дәрігерінің орынбасары мен жолдасы жол апатынан қаза болды

0
758

ГАЗ-53 көлігінің жүргізушісі адамның өліміне себепкер болды.


Қостанай облысында аурухана бас дәрігерінің орынбасары мен жолдасы жол апатынан қаза болды

ERNUR.KZ. Қайтыс болған жұбайлардың артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды, деп жазады ulysmedia.kz.

qostanai.media-ның мәліметінше, «Медіқара үні» газетінің редакторына белгілі болғандай, жол апаты – 10 желтоқсан күні Боровскийдің айналма көшелерінің бірінде болған.

«Алтынсарин көшесі бойында арақашықтықты сақтаған ГАЗ-53 көлігінің жүргізушісі адамның өліміне себепкер болды. Жол қозғалысы ережелеріне немқұрайлы қарау салдарынан жүк көлігі жүргізуші Фольксвагеннің алдына түсіп алмақ болған. Жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-2106 көлігімен соқтығысқан. Соққының күшті болғаны сонша, ВАЗ-2106 жүргізушісі Виталий Комаров оқиға орнында тіл тартпай кетті. Оның жұбайы – Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Елена Комарова жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілгенмен, есін жимаған күйде көз жұмды. Жүк көлігімен соқтығысқан Фольксваген жолаушысы да миы шайқалып, аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.