Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ.
ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасына жүк көлігінің тежегіштерінің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған, деп жазады ҚазАқпарат.
Қостанай облысының комендатурасы Меңдіқара ауданындағы жол-көлік оқиғасы бойынша «2022 жылғы 11 қаңтарда сағат 19.10 шамасында Қостанай-Мамлютка тас жолының 60-шы шақырымында, «VOLVO-12» ауыр жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі бақылау-өткізу пунктіне жақындап қалған сәтте тежегіш жүйесінің техникалық ақауы салдарынан жол жиегінде тұрған «JAC S-3» қызметтік көлігімен, сондай-ақ бақылау-өткізу пунктінде тұрған «Lada – Гранта» көлігімен соқтығысқанын хабарлады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ»,- делінген комендатура хабарламасында.
Аталған факті бойынша ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі «Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы« бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.