Қостанай облысында картоп сатып алуға бөлінген 96 миллион теңге жымқырылған

0
496

Ауылшаруашылық тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия жымқырылған.


Қостанай облысында картоп сатып алуға бөлінген 96 миллион теңге жымқырылған

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында 96 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп жазады stan.kz.

Агенттік мәліметінше, Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен ауыл шаруашылық тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия жымқырылған. Бұл қаражат картоп тұқымын сатып алуға арналған.

“Осы азаматтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 96 млн теңгені құраған”, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.