Қостанай облысында хирург маманы терапевт дәрігерді соққыға жықты

0
93

​Оның басынан, бетінен және мойнынан бірнеше рет ұрған.


Қостанай облысында хирург маманы терапевт дәрігерді соққыға жықты

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

ERNUR.KZ. Қостанай облысында дәрігерлер арасындағы жанжал 21 желтоқсан күні болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мәліметке сүйенсек, Қостанай аудандық ауруханасының (Тобыл қаласы) терапевт дәрігері шап жарығына күдік туған науқасқа кеңес алу үшін жедел хирургты шақырған.

Хабарламада айтылғандай, хирург телефон арқылы наразылығын білдіріп, кейін әріптесін ординатор бөлмесіне шақырып, оның басынан, бетінен және мойнынан бірнеше рет ұрған.

Зардап шеккен дәрігер бұл жағдайды жасырмай, полиция қызметкерлерін шақырып, түсініктеме берген және алған жарақаттарын тіркеу үшін медициналық куәландырудан өткен.

Ақпаратты Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.