Өзіне қол салған мұғалімнің артында 3 баласы қалды.
ERNUR.KZ. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Әулиекөл ауданы Бағалы ауылында 42 жастағы мұғалім өзіне қол салды, деп жазады inbusiness.kz.
Өңірдегі полиция департаменті ер адамның суицид жасағанын растады. Дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Өзіне қол салған мұғалімнің артында 3 баласы қалды.
Осы жағдай болардың алдында мұғалім Қостанайдан ауылға келген ер адаммен төбелескен. Төбелес барысында мұғалімнің кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынысқа түскені белгілі болған.
"Жыныстық қатынасқа түсу дерегі қыз мектепте оқып жүргенде болған. Кейін қыз Қостанайға кеткен. Қазір ол 17 жаста. Қалада қыз 50 жастағы ер адаммен танысып, алғаш рет жыныстық қатысқа мұғаліммен түскенін айтқан. Кейін 50 жастағы ер адам мұғалімді қорқыту үшін ауылға келген. Ол оны зорлау дерегі бойынша полицияға арыз жазамын деп қорқытпақ болған", - деді жергілікті тұрған.