Қостанай облысында учаскелік инспектор газға уланып қалған ер адамды құтқарып қалды

0
121

54 жастағы ер адам көмірқышқыл газына уланып қалған. Зардап шеккен азамат II топтағы мүгедектігі бар жан.


Қостанай облысында учаскелік инспектор газға уланып қалған ер адамды құтқарып қалды

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Қостанай облысында ауылдардың бірінде жазатайым оқиға болды, деп жазады inbusiness.kz.

Учаскелік полиция инспекторы Дархан Турғановтың жедел әрекетінің арқасында оған дер кезінде көмек көрсетілді. Ер адам шұғыл түрде Арқалық өңірлік ауруханасына жеткізілді.

Ауыл тұрғынының айтуынша, дәл полицейдің жеделдігі мен кәсібилігі шешуші рөл атқарған.

Айта кетейік, Дархан Турғанов – ел тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген антына адал сақшылардың бірі. Оның батылдығы мен кәсібилігі бұған дейін де жоғары бағаланған: 2024 жылы боран кезінде азаматтарды құтқарып қалғаны үшін Президент Жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.