Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды

0
1 407

Ведомство мәліметінше, облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді.


Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл қатарда жатын орын және тамақ бар. 1800 адам эвакуацияланған. Мектептерде 200-ге жуық адам тұрақтаған. Көбі қауіпсіздігін тексеріп, өз үйлеріне оралған, қалғандары туыстарын паналаған.

Сонымен қатар, банк басшылығы үйлері жанып кеткен адамдардың Halyk Bank-тегі несиелерін есептен шығару туралы шешім қабылдады.

Банк басшылығы мен ұжымы Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарының өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарына жанашырлық білдіріп, бәрі жақын арада өз орнына келеді деген сенім білдіреді.