Қостанай облысында жоғалып кеткен «Қазпошта» қызметкерінің денесі табылды

0
957

Бойжеткен 3 қарашада жоғалып кеткен.


Қостанай облысында жоғалып кеткен «Қазпошта» қызметкерінің денесі табылды

ERNUR.KZ. Қарашаның 9-ы күні полиция қызметкерлері жоғалып кеткен Қарабалық ауданының тұрғыны, Қазпошта қызметкері Галина Галкинаның денесін тапты, деп жазады zakon.kz.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ведомствоның түсіндіруінше, мәйіт 15:00-де далада жүргізілген іздестіру шаралары кезінде табылған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бойжеткен 3 қарашада жоғалып кеткен. Анасы сол күні арызбен полицияға барған. Одан кейін «10-аймақ» жедел-іздестіру жасағы іздеуге кірісті.