Қостанай облысындағы өртенген ауылдың көрінісін биіктіктен түсірген видео тарады (видео)

0
436

Қостанай облысындағы өрт аумағы 3 қыркүйекте 9400 гектардан асқан болатын.


Қостанай облысындағы өртенген ауылдың көрінісін биіктіктен түсірген видео тарады (видео)

ERNUR.KZ. Қостанай облысында Аманқарағай ауылының өрттен кейінгі көрінісін биіктіктен дрон арқылы түсірілген видеосы тарады, деп жазады stan.kz.

Қыркүйектің 3-і күні облыстың Төтенше жағдайлар департаменті орман өртінің Аманқарағай ауылына дейін жеткенін хабарлады. Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде жан түршігерлік кадрлармен бөлісе бастады.

Кадрларда үйлердің қабырғалары мен іргетасы өртенгенін көруге болады. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт мұнай базасының әкімшілік ғимараты мен жақын маңдағы 30 тұрғын үйге жайылған. Кейінірек куәгерлердің айтуынша, ауылда тұтанған өрт жүзге жуық үйге жеткен.

Еске салсақ, Қостанай облысындағы өрт аумағы 3 қыркүйекте 9400 гектардан асқан болатын.