Қостанай облысының Ресеймен шекаралас аймағында санитарлық бекет қайта құрылды

0
558

Күніне екі елдің шекарасын 100-120 адам кесіп өтеді.


Қостанай облысының Ресеймен шекаралас аймағында санитарлық бекет қайта құрылды

ERNUR.KZ. Бүгіннен бастап Қостанай облысының Ресеймен шекаралас аймағында санитарлық бекет қайта құрылды, деп жазады 24.kz.

Ол Жітіқара ауданындағы «Желқуар» өткізу пунктінде орналасады. Карантиндік шараларды күшейту мақсатында жергілікті жедел штаб осындай қауылы қабылдаған. Қазақстанға кіргендер сол жерде сауалнамалардан және термометриялық тексерістен өтеді.

Күніне екі елдің шекарасын 100-120 адам кесіп өтеді. Сонымен бірге ауданда қырық орынға шақталған карантиндік стационардың жұмысы қайта жанданды.

"Егер шетелден жоғары дене температурасымен келгендер болса, оларды инфекциялық бөлімге орналастырамыз. Ал келген Қазақстан азаматтары карантиндік стационарға екі тәулікке жатқызылады. Ол Жітіқара аудандық мүгедектерді оңалту орталығында орналасқан. Онда ем алушылар екі апта болады. ПТР-сынамасын аламыз. Егер оның нәтижесі теріс шықса, азаматтар жіберіледі. Оң нәтижесі барлар ем қабылдайды"- дейді Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, Зүлфия Орманова.