Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы Таран ауданының атауын өзгертті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын», - делінеді жарлықта.
«Ауданға көрнекті қазақ жазушысы, драматург және қоғам қайраткері Бейімбет Майлин есімінің берілуі – жергілікті тұрғындар көптен күткен маңызды қадам», - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.