Мектепте 462 оқушыны қамтитын 38 кезекші топ болған. Олар 40 минуттан үш сабақ қана оқитын.
ERNUR.KZ. Қостанай қаласында ұстаздан коронавирус анықталып, соның салдарынан №1 мектеп-лицейі карантинге жабылды, деп жазады zakon.kz.
- Індеттің әрі қарай таралуын болдырмау мақсатында ертеңнен бастап білім ордасының қызметкерлері екі аптаға үй карантиніне жіберілмек. Ал оқушылардың барлығы қашықтан оқу форматына көшіріледі. Әзірге, балалар арасында науқас тіркелмеген, деп хабарлайды қалалық білім бөліміндегілер.
Мектепте 462 оқушыны қамтитын 38 кезекші топ болған. Олар 40 минуттан үш сабақ қана оқитын.