Қостанайдағы егістіктерге залал келсе, шығыны өтеледі – АШМ

0
445

Өңірде жалпы зардап шеккен 18 бизнес субъектісі бар.


Қостанайдағы егістіктерге залал келсе, шығыны өтеледі – АШМ

ERNUR.KZ. Қостанайдағы өрттен бірде-бір ауыл шаруашылығы жерлері зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қостанай облысында жергілікті әкімдіктердің мәліметіне сәйкес, бірде-бір ауыл шаруашылығы жерлері зардап шеккен жоқ. Анықталған ақпараттың барлығы Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан тек қана орман қоры жерлері деген ақпарат беруде. Қазіргі таңда Қостанай облысында төтенше жағдай енгізілді. Егерде ауыл шаруашылығы егістіктері зардап шегетін болса, тауар өндірушілерге зиян келсе, онда төтенше жағдай есебінен ертеңгі күні шығындары бағаланып, толығымен өтелетін болады , - деді Әбілқайыр Тамабек Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айта кетейік, бүгін сағат 8.00-дегі деректерге сүйенсек, Қостанай облысында өртеніп жатқан учаскелер қалмаған, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Төрт аумақта (Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдары) қарауылдау шаралары ұйымдастырылған. Аздаған жаңбыр жауғандықтан, ауа ылғалдығы күшейді.

Өңірде жалпы зардап шеккен 18 бизнес субъектісі бар. Қалғандарының жанып кеткен мүлкінің құны әлі есептеліп жатыр.