Қостанайлық студент танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан

0
519

Жалпы шығын 100 мың теңгеден асты.


Қостанайлық студент танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан

ERNUR.KZ. Қостанайда студент жалған концерт билетін сатқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қостанайлық полицейлер жалған жолмен электронды темекі және белгілі қазақстандық топтың концертіне билет сатумен айналысқан 18 жастағы студентті ұстады. Жалпы шығын 100 мың теңгеден асты.

Instagram әлеуметтік желісінде 18 жастағы жігіт лақап атпен бір реттік электронды темекі және “Ирина Қайратовнаның” концертіне билеттер сатылатыны туралы хабарландыру жариялаған. Ал ақша алғаннан кейін ол байланысқа шықпай қалады.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер әлеуметтік желі арқылы алаяқтықпен айналысқан Қостанай қаласының тұрғынын ұстады. Электронды темекі мен “Ирина Кайратовна” тобының концертіне билеттерді сату арқылы ол ақшаны сауда орталығы аумағында өзге адамнан 30 000 теңгеге сатып алған банктік картаға аударып отырған. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Қостанай облысы ПД Киберқылмыспен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Олжас Мағыпаров.