"Kostanay Music Fest" ұйымдастырушылары облыстағы өрт кезінде неге концертті тоқтатпағандарын түсіндірді

0
696

Қостанай облысында өрт шығып, оның аумағы бірнеше мың гектарға жеткен болатын.


ERNUR.KZ. “Kostanay Music Fest” ұйымдастырушыларының бірі Алмас Жали Қостанай облысының тұрғындарына өрт кезінде шоуды неге тоқтатпағандарын түсіндірді, деп жазады stan.kz.

Алмас Жалидың айтуынша, ең танымал он шақты шығармашылық жастар топтары мен орындаушылар шақыртылған концерт жеке қаражатқа ұйымдастырылған.

"Қостанайдағы әртістердің өнерін тамашалауға Қазақстанның көптеген қалаларынан мыңдаған жас келді. Бір айда 16 мың билет сатылды", - деп жазды ол өзінің Instagram желісінде.

Жали стадионға жақын аумақта өрт болғаны туралы тек келуші көрермендер жайғасқан кезде ғана естігендерін айтады.

“Бұл хабарды біз концертке келген көрермендер билеттерін алып, орындарына жайғасқан кезде бір-ақ естідік. Ал көрермендер арасында осы шоу үшін басқа аймақтардан келгендері бар болғандықтан біз басталғалы жатқан шараны тоқтата алмадық”,- деді ол.

Жалидің айтуынша, 16 мың жасқа концерттің тоқтатылуы жаман әсер беріп, мұндай шешімнің салдары өте жағымсыз болуы мүмкін екен.

"Қала тұрғындары мен облыс тұрғындарының көңіл-күйін түсіне отырып, біз кешірім сұраймыз және өртте қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп қосты ол.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар үш ай бойы дайындалған концерттің бастапқыда толығымен қайырымдылық мақсатында жоспарланғанын атап өтті.

"Дәл қазір Қостанай облысында адамдар өртпен күресіп жатқанда, өрт салдарынан көпшілік үйлерінен айырылып жатқан кезде біз табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуіміз керек. Сол үшін концерттен түскен барлық қаражатты – 50 миллион теңгені аударуымыз керек. Әулиекөл ауданына гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін команда аттануда", - деп түйіндеді ол.

Еске салсақ, Қостанай облысында өрт шығып, оның аумағы бірнеше мың гектарға жеткен болатын.