"Коттедждерді сатып алып, балабақшаға айналдыру керек" – Өскеменде 6 мың балаға орын жоқ

0
920

Қаладағы сатылымға қойылған коттедждерді сатып алу керек те, 50 орындық балабақша ашу керек, - дейді әкім.


ERNUR.KZ. Өскеменнің білім беру бөлімінің мәліметіне сенсек, қалада 6 мыңдай балаға балабақшадан орын жетпей жатыр, деп жазады Алтайньюс.

Бұл мәселе қалалық әкімдіктің отырысында көтерілді.

– Еліміздегі ірі қалалардағы кәсіпкерлер желілік балабақшалар құрылысымен айналысады. Бізге солардан үйрену керек. Оларды шақырып және осы іспен айналысқысы келетін жергілікті кәсіпкерлерді тартып, қаладағы сатылымға қойылған коттедждерді сатып алу керек те, 50 орындық балабақша ашу керек, – деп, білім беру орталығына қала әкімі Жақсылық Омар тапсырма берді.