Университет 1992 жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласында құрылды және бүгінде Қазақстандағы жалғыз халықаралық университет болып табылады.
ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ерекше мәртебеге ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Университеттің ерекше мәртебесі оған үлкен академиялық және басқарушылық дербестік бере отырып, PhD. философия докторы мен сала бойынша доктор дәрежесін тағайындауға, білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауға және жеке үлгідегі дипломдарды беруге мүмкіндік жасайды.
Университет 1992 жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласында құрылды және бүгінде Қазақстандағы жалғыз халықаралық университет болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге, яғни, білім беру сапасын арттыруға, оның халықаралық стандарттарға сай болуына, ғылым мен білімнің интеграциясына баса назар аударып отыр.
Университеттегі білім беру грантының құны да артатын болады. Бұл профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын арттыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл шаралардың барлығы университетке ғылыми және педагогикалық кадрларды тартуға, осы аймақтың дамуына серпін беріп, оның алдына қойылған мақсаттарға жетуге ықпал ететін болады.
Дереккөз: ҚР БҒМ баспасөз қызметі