ҚР аумағы бойынша транзиттік тасымал көлемі 7 млн тоннаны құрады

0
1 166

Контейнерлік транзиттің негізгі бағыты бұрынғыша Қытай – Еуропа – Қытай болып қалып отыр.


ҚР аумағы бойынша транзиттік тасымал көлемі 7 млн тоннаны құрады

ERNUR.KZ. 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісіндегі жүкайналымы 107,6 млрд тонна-километрді құраған, деп жазады inbusiness.kz.

«Қаңтар-маусымдағы тиелім 120 млн тонна болса, соның ішінде тас көмір – 48 млн тонна, астық – 5,4 млн тонна, түрлі түсті руда – 9,7 млн тонна, құрылыс жүктері – 8,8 млн тонна және темір рудасы – 12,8 млн тонна болған»,– делінген ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ҚР аумағы бойынша транзиттік тасымал көлемі 7 млн тоннаны құраса, контейнермен жүктерді тасымалдау 291 мың ЖФБ (жиырма футтық балама) болыпты. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінде қол жеткізген нәтижеден жоғары.

Контейнерлік транзиттің негізгі бағыты Қытай – Еуропа – Қытай болып қалып отыр. Бұл бағдар бойынша 146 мыңнан астам ЖФБ тасымалданса, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 129% асты.

Қазақстан аумағы арқылы транзитті контейнерлік тасымал өзге де бағыттар бойынша артты. Атап айтқанда, Транскаспилік халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша 2 мыңнан астам ЖФБ контейнер жеткізілсе, бұл өткен жыл көрсеткішінен 158% көп.

Қытай – Иран – Қытай дәлізі бойынша 1,6 мың ЖФБ контейнер жөнелтіліпті, ал бұл өткен жылдың көрсеткішінен 350 пайызға артық.