ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы ауысты

0
1 642

Қанат Маратұлы Сәрсембаев университетті халықаралық құқық, заңгер мамандықтары бойынша екі шет тілінде тәмамдаған, заң ғылымының кандидаты.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы ауысты

Қанат Сәрсембаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болды, деп жазады ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Маратұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды», - делінген өкімде.

Қанат Маратұлы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін халықаралық құқық, заңгер мамандықтары бойынша екі шет тілінде тәмамдаған, заң ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылдан «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтының заңгері, қызметінен бастады.

2000 - 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Заң департаменті құқықтық сараптама басқармасының бөлімінде бас маман болып еңбек етті.

2002 - 2005 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Заң шығару және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы.

2005 - 2011 жылдары ҚР Конституциялық Кеңесі құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі болды.

2011 - 2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды.

2015 – 2017 жылдар аралығында Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі лауазымын атқарды.

2017 жылдың қазанынан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратын басқарды.