Мәдениет министрі Астанадан жаңа халықаралық университет ашуды ұсынды

0
1 145

Министрдің пікірінше, мұндай университет білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.


Мәдениет министрі Астанадан жаңа халықаралық университет ашуды ұсынды

Фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада халықаралық туризм және қонақжайлылық университетін ашуды ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Baq.kz порталына сілтеме жасап.

«Туризм саласында халықаралық деңгейдегі кадрларды дайындау өте маңызды міндет. Сондықтан Орталық Азияда алғаш рет яғни Астанада дипломы әлемде мойындалатын, халықаралық туризм және қонақжайлылық университетін ашуды ұсынамын», - деді министр Мемлекет басшысына Щучье қаласындағы халықаралық «Бурабай» шаңғы базасында болған кездесуде.

Министрдің пікірінше, мұндай университет білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

«Қазіргі таңда Аустрияның (Зальцбург туризм мектебі), АҚШ-тың (Джордж Вашингтон университеті), БАЭ, Швейцария елдерінің тәжірибесі ескерілді. Сондай-ақ Гонконг жоғары мектебімен туризм менеджменті бойынша меморандумға қол қойылды», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.