14 маусымда Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің балалары Кипрде білім алып жатқаны белгілі болды. Бұл ақпарат көптеген жағымсыз пікір туғызды.
ERNUR.KZ. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов мәжіліс кулуарында балалары Астанадағы қарапайым мемлекеттік мектепте оқитынын, ал өзі Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алғанын айтты, деп жазады zakon.kz.
Бұл жөнінде үкімет басшысы журналистер тарапынан қойылған "Қазақстандық медицина мен білім саласына сенім білдіресіз бе?" деген сауалына жауап беру кезінде айтты.
"Әрине, мен білімге де, денсаулық сақтау саласына да сенім білдіремін. Әйелім екеуміз Қазақстанда емделеміз", деді Әлихан Смайылов.
Маусымның 15-і күні Ғылым министрлігінің басшысы балалары не себепті Кипрде оқып жатқанын түсіндірді, сол жолы оларды кәдімгі мемлекеттік мектепте оқыту үшін Қазақстанға ауыстыруға уәде берді.
23 қыркүйекте ол балалары Кипрде оқуын жалғастыруға шешім қабылдағанын хабарлады.