​ ҚР Президенті ТРК және CMG Қазақстан мен Қытай көшбасшыларының қатысуымен меморандумға қол қойды

0
383

Қол қою рәсімі Ақордада Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев пен Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өтті.


​ ҚР Президенті ТРК және CMG Қазақстан мен Қытай көшбасшыларының қатысуымен меморандумға қол қойды

ERNUR.KZ. Бүгін Астанада Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Қытай Медиакорпорациясы (CMG) ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп жазады inform.kz.

Қол қою рәсімі Ақордада Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев пен Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өтті. Құжатқа Президент Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева мен Қытай Медиакорпорациясының президенті Шэнь Хайсюн қол қойды.

«Бүгін қол қойылған меморандум екі елдің өміріндегі маңызды оқиғаларды жариялауда медиа-контентпен алмасуды және өзара қолдауды көздейді», - деп атап өтті Раушан Қажыбаева.

Бұған дейін тараптар «Silk Way» және CGTN телеарналары арасында алғашқы бірлескен «Астана-Бейжің» телекөпірін өткізіп, Астанадағы ШЫҰ Саммитіне арналған ток-шоу мен «Silk Way» телеарнасында «Жібек жолы симфониясы» деректі фильмін көрсетті. Алдағы күндері CGTN арнасында ҚР Президенті Телерадиокешенінің «Шанхай рухы» деректі фильмі көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

ҚР Президенті ТРК директоры Раушан Қажыбаеваның айтуынша, «Телерадиокешен мен CMG арасындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік рухына сәйкес келеді және көпғасырлық мәдениетаралық және халықаралық диалогті дамытуға бағытталған».

ҚР Президентінің телерадиокешені – толық циклды қазақстандық медиа-компания, құрамына: Jibek Joly республикалық телеарнасы, Silk Way және Silk Way Cinema халықаралық телеарналары, Kazinform ХАА және Деректі фильмдер орталығы кіреді.

Қытай медиакорпорациясы (CMG) – әлемдегі ең ірі медиа конгломераттардың бірі. Оған Қытайдың орталық телевизиясы (CCTV), Қытайдың халықаралық телевизия желісі (CGTN), Қытай ұлттық радиосы (CNR) және Қытай халықаралық радиосы (CRI) кіреді. Корпорация құрамында барлығы 47 телеарна, 17 радиостанция және 17 газет бар.