Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

0
817

​Әлеуметтік желіде спортшының видеосы қызу талқыланып жатыр. Ішкі істер министрлігі мұндай үгіттеуді қылмыс деп бағалаған болатын.


Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов дезинфекция жасайтындарды ұрып, тікұшақтарға оқ ату керек деген видеосына түсініктеме берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Ассалаумағалейкүм, қазақстандықтар! Дезинфекция туралы тарап кеткен видеоға қатысты айтарым, ол - қалжың ретінде түсірілген видео. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын. Ондай әрекет істеуге ешкімді шақырған емеспін және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Хамит.




Айта кетейік, спортшыға қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланды.

Биліктің заңды талаптарына белсенді бағынбауға, жаппай тәртіпсіздікке және азаматтарға қатысты күш қолдануға шақыру, арандату үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.