Күйеуі «ұрып өлтірген» Айзат Жұманованың ісі: Сотталушы кінәсін мойындамады

0
79

32 жастағы Жетісу облысының тұрғыны Айзат Жұманованы күйеуі ұрып өлтіргені жөнінде биыл маусымда белгілі болған.


Күйеуі «ұрып өлтірген» Айзат Жұманованың ісі: Сотталушы кінәсін мойындамады

ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. Талдықорғанда күйеуі «ұрып өлтірген» 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына байланысты сот процесінде негізгі сот талқылауы басталды. Бүгінгі сот процесінде куәлерден жауап алынды. Сотталушы Айбар Жанболат өзіне тағылған айыпты мойындамады, деп жазады ulysmedia.kz.

«Басқа уақытта жауап беремін»

5 желтоқсанда өткен сот процесінде сотталушы Айбар Жанболат сотқа жауап беруден бас тартты. Ол сотқа «әлі дайын емеспін» деді. Судья Әділет Бақытов жауап бермеуіне не себеп екенін сұрады.

«Уақыт сұрап отырмын. Басқа уақытта жауап беремін», – деді Айбар Жанболат.

«Айқайлап, жылап, соқпауын өтінген»

Прокурор Нұрлан Билібеков тергеу кезінде Айбар Жанболат масаң күйінде әйелі Айзат Жұманованы соққыға жығып, аса ауыр қылмыс жасағаны анықталды деді. Айыптау актісіне сәйкес, Айзат Жұманованың өліміне алып келген отбасылық жанжалға қызғаныш себеп болған.

«Жұманова айқайлап, жылап, соқпауын өтінген. Алайда Жанболат қылмыстық әрекетін тоқтатпай, Жұманованың өмірлік маңызды дене мүшелерін, яғни бас тұсынан көптеген соққылар жасап, есінен тандырған. Әрі қарай жәбірленушінің өмір белгілерін көрсетпеуіне қарамастан, өзінің қылмыстық әрекеттерін, яғни адам өлтіруге деген қасақана ниетін жалғастыра отыра, Жұманованың қарсылық көрсете алмағанына қарамай, денесіне бірнеше рет соққы жасап, дене жарақаттарын келтірген. Жанболат жұбайы Жұмановаға медициналық көмек көрсетуге шара қолданбай, жедел жәрдем де шақыртпай, аса ауыр санатындағы қылмыстық құқық бұзушылығын жасыру мақсатында, жәбірленушіні қылмыс жасағаннан кейін бірнеше сағат өткеннен соң, тек түнгі сағат 2:30 шамасында Талдықорған қаласында орналасқан облыстық ауруханаға жеткізген», – деді прокурор.

Бұдан бөлек, Нұрлан Билібеков сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, марқұмды атқа сүйреп өлтірілгені және оның сол уақытта жүкті болғаны расталмады деді.

«Бетін ғана ашып көре алдым»

Марқұмның анасы Салтанат Қадірбекқызы қызымен күйеубалам арасында қайғылы оқиға болғанға дейін де жанжал болған деді. Ол оқиға болған күні мәйітханаға барғанын, бірақ қызының денесін көруге дәті шыдамағанын айтты. Сөзінше, мәйітті бір рет ғана көрген. Содан кейін оған қайтып беттей алмаған.

«Мен бетін ғана ашып көре алдым, басқа жағын көре алмадым. Бет-ауызының көгергенін көрдім. Аяқ-қолының сырылғанын көрдім. Аяғының бес саусағына дейін, екі белегінің сырылғанын ашып қалғанда көрдім. Үсытіне простыня жауып қойыпты. Қызым екенін таныдым. Қолының бес саусағының бесеуінің де сырылғанын көрдім. Басқа ешнәрсе көре алмадым», – деді ол.

Салтанат Қадірбекқызы қаза болған кезде Айзаттың аяғы ауыр болған деді. Сөзінше, тергеу изоляторында Айбар Жанболаттың өзі де оны мойындаған.

Сот залында Айбар Жанболаттың өзі оны жоққа шығарды. Бірақ Салтанат Қадірбекқызының оқиғадан кейін тергеу изоляторына келгенін растады.

«Келегіні рас. Сұрағаны рас. Бірақ мен де, Айзат та нақты жүкті екенін білмедік», – деді ол.

«Келініңізді абайсызда құлатып алдым деді»

Бұдан өзге, түскі үзіліске дейін Айбар Жанболаттың әкесі Қайрат Тоғызбаев пен көршісі Нұрсұлтан Ноғайбековтан жауап алынды. Тоғызбаев ұлы мен келіні арасында бұған дейін жанжал болмағанын, тату-тәтті өмір сүргенін айтты. Ол оқиға болған күнін былай деп сипаттады:

«Түнгі 11-12 мөлшерінде ұлым келді. «Ата, осындай жағдай болып қалды. Келініңізді абайсызда құлатып алдым» деді. Содан кейін Талдықорғанға апару керек болды деді. Сосын мен көлігімді бердім. Айзатты артқы жағына отырғызды. Әйелім, ұлым, көрші бала көлікті айдап кетті Талдықорғанға», – деді Тоғызбаев.

Ол «не себепті жедел жәрдем шақырмадыңыз?» адвокаттар сұрағына «Есім шығып кетті. Ол ойымда болмады», деп жауап берді.

Айзат Жұманованы ауруханаға алып барған Нұрсұлтан Ноғайбеков те ешнәрсе білмейтінін айтты. Ол да ауруханаға алып барайық деген соң көлігіммен алып шықтым. Жолда дөңгелегім жарылған соң көрші ауылдағы Қайрат Тоғызбаевтың көлігіне алмасып міндік деді.

Ноғайбеков марқұм Айзат Жұманова ауруханаға жеткенші қорылдап келді деді. Ауруханаға жеткенде көліктен Айзатты көтеріп түсіргенде бетінде көгерген іздер барын байқаған.

Контекст

32 жастағы Жетісу облысының тұрғыны Айзат Жұманованы күйеуі ұрып өлтіргені жөнінде биыл маусымда белгілі болған. Сол уақытта марқұмды күйеуі атқа сүйреп өлтірді деген ақпарат тараған. Оқиға Баласаз ауылында болған.

Бастапқыда іс қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша қозғалған. Кейіннен жәбірленуші тараптың шағымынан кейін іс 99-баптың 1-бөлігіне қайта сараланған. Бірақ адвокат Арман Шәріпов іс 99-баптың 2-бөлігімен саралануы тиіс деп есептей