Түзетулер 2025 жылғы 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
фото: Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Туризм министрлігінің "Құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға шектелген адамдарды тізімге енгізу, сондай-ақ тізімді жүргізу туралы өтініш беру қағидалары туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстандықтар алдыңғы өтінімдерді ескере отырып, кемінде 6 ай және 10 жылдан аспайтын мерзімге шектеуді ұзарту туралы өтініш бере алады (бұрын осы нормада жаңа мерзім туралы айтылған).
Тыйым салуды белгілеуден бас тарту үшін жаңа негіз қосылды, ол – өтініштің белгіленген нысанға сәйкес келмеуі немесе оның болмауы.
Лудоманнан немесе оның жақын туыстарынан дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу қосылды.
Түзетулер 2025 жылғы 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.