Күн жылынады: 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамы

0
810

Еліміздің оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл күтіледі.


Күн жылынады: 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" орталығы мамандары 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады , деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон әсер етеді. Еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне Солтүстік циклонның жырасы әсер етеді, онда кейде аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) өтеді. Жалпы республика бойынша ауа температурасының біртіндеп көтерілуі, кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл күтіледі", - дейді синоптиктер.