Бұл жағдай 31 желтоқсан күні шамамен түстен кейін уақытта Жерге жетеді.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Жаңа жыл қарсаңында Жер ғаламшарының тұрғындары полярлық шұғыланың куәсі бола алады, деп мәлімдейді Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы. Бұған 31 желтоқсан күні таңертең Күндегі екі қуатты жарқыл себеп болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Таңғы сағат 7:14 пен 7:31-де Күнде ең жоғары X рентгендік класты екі жарқыл пайда болды. Олар Күннің батыс бөлігінде, яғни Жерге әсер ете алатын аймақта тіркелді. Бұл – биылғы ең күшті жарылыстардың бірі», - дейді ғалымдар.
Бұл жағдай 31 желтоқсан күні шамамен түстен кейін уақытта Жерге жетеді. Соның салдарынан түнгі аспанда көрінетін полярлық шұғыла пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бұл күні жаңа шығарындылар тіркелді, олардың нақты қозғалысы әлі болжанбаған.
Аталмыш институттың мәліметінше, мұндай құбылыс соңғы жылдары сирек байқалды. Күндегі аздаған жарқылдар өткен жылдың мамыр және қазан айларында тіркелді.