Күніне 1,5 млн теңге пайда тапқан: адам саудасымен айналысқандар ұсталды

0
134

Қылмыстық топтың қаржы айналымы 2024 жылдан бері 1,7 млрд теңгеден асқан.


Күніне 1,5 млн теңге пайда тапқан: адам саудасымен айналысқандар ұсталды

фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Ел аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен Астана қаласы және Солтүстік Қазақстан облысында екі қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, деп жазады sputnik.kz.

Қылмыскерлер интернет-ресурстар арқылы жыныстық қанауға қатысты заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап, жүргізіп отырған.
"Олар миллиардтап пайда тапқан. Қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 млн теңгеге дейін жеткен, ал 2024 жылдың басынан бері қаржы айналымы 1,7 млрд теңгеден асады", - дейді ведомство.
Тінту барысында ақша, банк карталары, автокөліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді.
"Негізгі фигуранттар мен олардың сыбайластары қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің адам саудасы мен ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл баптарда 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған", - дейді полиция.