Марқұмның ата-анасы мен жұбайы дәрігерлердің әрекетсіздігін айыптап, әділдік талап ететіндерін айтты.
ERNUR.KZ. Жүкті келіншектің мәйітін жертөледен тауып алған отбасы журналист Руслан Өтепбайға сұқбат берді, деп жазады baq.kz.
Марқұмның ата-анасы мен жұбайы дәрігерлердің әрекетсіздігін айыптап, әділдік талап ететіндерін айтты.
25 жастағы келіншек жүктілігінің 33 аптасында Шу қалалық ауруханасына жеткізілген. Туыстарының айтуынша, 9 наурыз күні ол ауруханадағы әжетханада есінен танып құлаған. Сол күні таңертең дәрігерлер құрсақтағы баласын алып тастаған, ал өзі комаға түсіп, 22 наурызда қайтыс болған.
Марқұмның жақындары "дәрігерлер уақытында көмек көрсетпеді" деп күйініп отыр. Олардың айтуынша, есінен танып құлаған Әдемі жарты сағатқа жуық қараусыз жатқан.
Ең сорақысы – күйеуі әйелінің мәйітін белгісіз бір бөлмеден тауып алған, - деп марқұмның жақындары әділдік іздеп отыр.
Бұған дейін Жамбыл облысы, Шу қаласында жас ана мен сәбиінің өліміне қатысты тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз.