Сондай-ақ құрылыс нысандарының құжаттары түгел тексеріледі.
ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қалалардағы құрылыс нысандарының бірыңғай кадастрлық нөмірі түзілетінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қала құрылысы кадастры қала құрылысы қызметінің ашықтығын, қала құрылысы жобаларын әзірлеу мен іске асырудың сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ол үшін біз объектінің бірегей нөмірін енгізуді пысықтап жатырмыз.
Бұл біріздендіру, жеке сәйкестендіру нөмірмен ұқсастығы бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруді, адами факторды болдырмай, бас жоспарларға және егжей-тегжейлі жобалау жоспарларына сәйкес жүйеде эскиздік жобаны келісуді қамтамасыз етеді», — деді министр Үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол құрылыс нысандарының құжаттары түгел тексерілетінін мәлім етті.
«Құжаттардың нысаналы мақсатқа сәйкестігіне түпкілікті тексеруді жүргізуге мүмкіндік береді», — деді Қайырбек Өскенбаев.