“Қымбаттым, несие алып берші“: Өскеменде бұрынғы сүйіктісі қызды алдап кеткен

0
311

Күдіктінің бұған дейін де осындай алаяқтық әрекеттері үшін сотталғаны белгілі болды.


“Қымбаттым, несие алып берші“: Өскеменде бұрынғы сүйіктісі қызды алдап кеткен

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Өскеменнің 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, деп жазады tengrinews.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы бірге тұрған жігіті әртүрлі себептермен бірнеше рет ақша сұрап, уәде етілген мерзімде қайтаратынын айтқан. Бастапқыда қаражат көлемі аз болғанымен, уақыт өте келе оның сұраған сомасы айтарлықтай ұлғайған.

"Жігітінің қиын жағдайына сенген әйел оған көмектесу үшін өз атынан бірнеше банктен несие рәсімдеген. Нәтижесінде, келтірілген жалпы шығын шамамен 10 миллион теңге болған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полиция алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктінің бұған дейін де осындай алаяқтық әрекеттері үшін сотталғаны белгілі болды