​Қытай университеттеріне грантқа ұсынылған 102 қазақстандықтың тізімі жарияланды

0
106

Конкурстық іріктеуге 427 үміткер қатысты.


​Қытай университеттеріне грантқа ұсынылған 102 қазақстандықтың тізімі жарияланды

Фото: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ERNUR.KZ. Қытайда оқуға ұсынылған қазақстандықтардың тізімі жарияланды, деп жазады inform.kz.

Қорытынды комиссияның шешімімен 102 қазақстандық Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.

Конкурстық іріктеуге 427 үміткер қатысты.
— Білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешімді Қытай тарапы қабылдайды. Грант академиялық оқу ақысын, жатақханада тұруды, медициналық сақтандыруды қамтиды, сондай-ақ студенттерге ай сайынғы стипендия төленеді. Оқу ағылшын немесе қытай тілдерінде жүргізіледі.
Үкіметаралық гранттардың әкімшісі болып табылатын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өтінімдерді қабылдап, аралық конкурстық іріктеуді жүзеге асырады, — делінген
Тізімдегі тегі, аты-жөндер әліпби тәртібімен орналастырылған. Олардың орналасу реті басымдықты білдірмейді және бір үміткердің екіншісінен немесе өзге үміткерлерден артық екенін көрсетпейді.
Толық тізімді мына сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар.
Айта кетелік «Болашақ» бағдарламасы аясында атом энергетикасы мамандары білім алады.