Қытайда қазақстандық стартаптар таныстырылды

0
205

Қазақстанның коммерциялық павильонында отандық өнімді онлайн сату да ұйымдастырылды.


Қытайда қазақстандық стартаптар таныстырылды

ERNUR.KZ. VII Қытай халықаралық импорт көрмесінде ашылған қазақстандық павильонда жаңа стартаптар таныстырылды, деп жазады sputnik.kz.

Көрші елдегі көрмеге "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, Kazakh Invest, АХҚО, QazTrade мен Kaspi Bank өкілдері еліміздегі табысты жобаларды, соның ішінде электрондық және қаржылық қызметтерді, трансшекаралық сауданы дамыту, инвестициялар тарту бойынша жетістіктерін таныстырды. Отандық стартаптар да көрсетілді. Олар:
Squares – әлемнің кез келген нүктесінде орналасқан жерді жылдам табуға және брондауға мүмкіндік беретін сервис;
Alaqan AI – алақан тамырларының суреті бойынша жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру саласындағы жаңа шешім;
Cerebra AI – инсультті анықтау үшін жасанды интеллект негізінде диагностикалық бағдарламаны әзірлеу;
Қазақстанның коммерциялық павильонында отандық өнімді онлайн сату да ұйымдастырылды. 260 шаршы метр алаңда қазақстандық өндірушілердің 50-ге жуық тауарлары – ет, сүт, май, астық өнімдері, кондитерлік өнімдер, шырындар мен сусындар, бал, тоқыма және басқа да өнімдер шығарылды
"TikTok платформасы арқылы стриминг іске қосылды, бұл стендке келушілерге ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі көрермендерге өнімдердің ассортиментімен танысуға және оларды нақты уақыт режимінде сатып алуға мүмкіндік береді. Көрменің алғашқы сағаттарында ғана онлайн режимінде $22 мыңға жуық сомаға қазақстандық тауар сатылды", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, осы көрмеге жыл сайын 300 мыңнан астам қытайлық сатып алушылар қатысады. Оған Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян барды.